Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды

27-09-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пее фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив