Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Министр Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрімен кездесті

10-03-2023, 13:11 Думан Кенжеғазыұлы

Дархан Қыдырәлі бұл кездесудің маңыздылығын атап өтіп, екі министрліктің басты бағыттарының бірі - жастар саласындағы жұмыстарға тоқталды.

"Жастардың дамуына Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында айрықша көңіл бөлді. Мәселен, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Осылайша, біз жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды 1,5 есе 3,7 млн. адамнан 5,7 млн. адамға дейін кеңейтеміз", - деді Д.Қыдырәлі.

Оған қоса министр Қазақстанда жастар ресурстық орталықтары дамып жатқанын әрі волонтерлікке де ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.

Айта кету керек, екі елдің жастары тұрақты негізде халықаралық іс-шараларға белсенді қатысады. Мәселен, өткен жылы Қазақстанда өткен Орталық Азия Волонтерлер форумы жастарға арналған бірегей алаңға айналды. Ал биыл олар Халықаралық волонтерлер форумы, және Түркі мемлекеттері ұйымы Бас Ассамблеясының жастар платформасы аясында өзара жолығып, тәжірибе алмасып, пікірлеседі.

Өз кезегінде Фарид Гаибов екі ел және ведомство арасындағы қарым-қатынас беки түсетініне сенім білдірді.

"Екі елдің арасында тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз осы байланысты одан әрі дамытып, жастар саласында бірге жұмыс істеуге әзірміз. Жастар тәжірибе алмасып, ортақ жобалар жасаса деген тілегім бар", - деді Ф.Гаибов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив