Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазпошта мен Еуразиялық банк ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

10-03-2023, 14:57 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазпошта» және «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамдары Қазпошта мен Еуразиялық банктің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу бойынша өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық қаржылық қызметтердің сапасын жақсартуға, ыңғайлылыққа және екі компанияның клиенттері үшін уақытты үнемдеуге бағытталған.

«Қазпоштада бүкіл Қазақстан бойынша 500-ден астам банкомат бар, оның ішінде аудандық орталықтардағы бөлімшелерде. Еуразиялық банктің банкоматтар желісі біздің клиенттеріміз үшін сапалы қаржы қызметін алу мүмкіндігін кеңейтеді. Еуразиялық банк пен Қазпошта бұған дейін де жедел төлемдер жүйесі (ЖМЖ) бойынша ынтымақтастық орнатқан. Біз клиенттерімізге төлем карталарын пайдалануда қолайлы жағдайлар болуы үшін қаржы институттарымен серіктестікке ашық екенімізді айтқым келеді», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

«Еуразиялық банктің бүкіл Қазақстан бойынша 500-ге жуық банкоматы бар, ал 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін, біз cash-in функциясы бар банкоматтар паркін ауқымды жаңартуды және кеңейтуді жүргізбекпіз. Бизнеске клиенттерге ыңғайлы болу үшін, өзара іс-қимыл және өзара тиімді серіктестік тетіктерін бекіту маңызды деп ойлаймын. Қазпошта банкоматтар желісі, үлкен қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, шалғай өңірлерде де Еуразиялық банк карталарын ұстаушыларға, қолма-қол ақша алу географиясын кеңейтеді және керісінше, Қазпошта карталарын ұстаушылар Еуразиялық банктің қазіргі заманғы банкоматтар желісінде қолма-қол ақшаны кедергісіз алуға мүмкіндік береді», - дейді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив