Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
487.24 529.34 5.02

Көкпектіде су құбырында орын алған апатты жағдай қалпына келтірілді

29-09-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудан орталығында ескі су құбырларының жарылуына байланысты, сумен қамтамасыз ету жұмыстары уақытша тоқтатылды. Ескі су құбыры жарылған орында «Көкпекті» ШЖҚК (Комхоз) мамандары тиісті шараларды қабылдады, су құбыры желілері іске қосылды. 

Көкпекті ауылында су құбыры желілерінің жұмысына «Көкпекті» ШЖҚК (Комхоз) мекемесі жауапты болып табылады. Бүгінгі күні аталған мекеменің де жағдайы жақсы емес. Себебі мекеменің көптеген берешектері бар. Кеше ғана Көкпекті» ШЖҚК (Комхоз) мекемесінің салық бойынша 80 млн.тг. астам берешегі жабылса, осы айдың басында мекеме қызметкерлеріне төленбеген барлық жалақылары толықтай төленді.  Алдағы уақытта, мекеменің басқа да берешектерін жабып, дұрыс тариф саясатын жүргізіп, мекемеге жаңа заманауи техникалар мен құрылғылар алу жоспарлануда. 

Өздеріңіз білетіндей, 2021-2022 жылдар Көкпекті ауылында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілген. Алайда бүгінгі күнге дейін Көкпекті ауылы тұрғындарының 50%  өткен ғасырдың 60 жылдарында іске қосылған ескі су құбырын пайдаланып келеді. Аудан орталығы Көкпекті ауылындағы ескі су құбырларыны әбден тозған,  осыған орай  ауылда жиі  су құбырларының жарылуы орын алуда.

Көкпекті ауылы тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында алдағы 2025 жылдың жазынан бастап,  ескі су құбыры желілерінің жұмысы тоқтатылатынын хабарлаймыз. Осыған орай, 2025 жылдың көктемінде  жаңа су құбырына қосылып алуларыңызды сұраймыз. Жаңа су құбыры желілеріне ауыл тұрғындары қосылғанға дейін ескі су құбыры желілері жұмыс істейтін болады, алайда ескі су құбырының үздіксіз жұмыс істеуіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив