Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
487.37 532.94 5.09

Аймақ басшысы Жарма ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

30-09-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды, соның ішінде аудандық аурухана мен бірнеше мектепті аралады.

Аудан орталығындағы үш мектеп 2000-нан астам балаға екі ауысымда білім береді. Білім беру мекемелерінің басшылары мектептерде оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Заманауи әрі мамандандырылған кабинеттер мектеп оқушыларының құзыреттілігін арттыруға қосымша мүмкіндіктер береді. Асханалар қалыпты режимде жұмыс істеп, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Облыс әкімі мұғалімдердің біліктілігін арттырудың маңызына тоқталды. Оларға заманауи білім беру бағдарламаларын, тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз етіп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Нұрлан Ұранхаев 1989 жылы салынған, қазір 400-ден астам адам еңбек ететін облыстық ауруханада да болды. Медициналық мекемеде 44 төсектік аурухана мен хирургия, перзентхана, гинекологиялық, соматикалық және жұқпалы аурулар бөлімдері бар. Биыл аурухана операциялық үстел, электрокоагулятор, тонометр секілді жаңа медициналық жабдықтарды алды. Жақын арада компьютерлік томографиялық сканер орнатылмақ.

Облыс әкімі ауданның жаңа басшысына жас мамандарды денсаулық сақтау саласына тарту жұмысын жандандыруды тапсырып, жас кадрлардың баспана мәселесін шешіп, олардың жұмысы мен тұрмысына қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты. Аурухананы аралау барысында Нұрлан Ұранхаев емделушілермен де пікірлесіп, медициналық қызмет көрсету сапасы туралы ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Мәдениет үйінің жөндеу жұмысымен танысты. Мердігер – «СемKZ» ЖШС. Жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Мәдениет үйінің жалпы ауданы 1448,8 шаршы метрді құрайды. Көрермен залы 300 орындық. Зал дыбыс күшейтетін жабдықпен, түрлі-түсті экран сахнасымен, инвентарлық заттармен (LED экран), бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Жұмыс сапарын қорытындылаған аймақ басшысы аудан әкімі мен тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив