Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
481.19 538.45 5.18

Decentrathon 2.0 – $50,000 жүлде қоры және виртуалды вакансиялар жәрмеңкесімен Қазақстанда өтетін ең ірі мультилокациялық хакатон

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың 18-19 қазанында Қазақстанда $50,000 жүлде қорымен ең ірі мультилокациялық хакатон – Decentrathon 2.0 өтеді. Іс-шара еліміздің 17 аймағын қамтып, оған 2500-ден астам әзірлеушінің басын қоспақ. Олар AI, Blockchain, GameDev және Telegram mini apps бағыттарындағы мәселелерді шешуге атсалысады.

Decentrathon 2.0 алғашқы хакатон ауқымынан әлдеқайда асып түсіп, технологиялар әлеміндегі маңызды оқиға болмақ. Өткен жылы жарысқа 9 аймақтан 1500-ден астам адам қатысса, биыл хакатонның ауқымы кеңейіп, Қазақстанның жетекші университеттері мен технопарктері енген 17 өңірді қамтиды.

Қатысушылар қомақты ақшалай жүлде үшін бәсекеге түсіп, саланың жетекші компанияларына жобаларын таныстыруға және IT мамандарының жетекшілігімен білім мен практикалық дағдылар алуға мүмкіндік алады. Хакатон әзірлеушілер мен технологияларға қызығушылар үшін ашық. Егер сіз жаңа сын-тегеуріндерге дайын болсаңыз және болашақты өзгерте алатын шешімдерді жасағыңыз келсе, Decentrathon 2.0 — бұл сіздің платформаңыз. Іс-шара Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды секілді ірі қалаларда және басқа да аймақтық орталықтарда өтеді.

"Decentrathon — Қазақстандағы жасанды интеллект пен технологияларды дамытуға бағытталған Generative Nation қозғалысының құрамдас бөлігі болуға үлкен мүмкіндік", - деп атап өтті Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

"Decentrathon – Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын алғашқы ауқымды IT-оқиға және биылғы жылы Generative Nation қозғалысының негізгі іс-шараларының бірі. Біздің мақсатымыз — еліміздің AI-трансформациясы, мұндай бастамалар ұлттық масштабты қамтуы тиіс. Жас таланттарға технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік бере отырып, олардың барлық өңірлерді қамтуы маңызды", - деді Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

"AI-инженерлер Қазақстанның AI-трансформациясында шешуші рөл атқарады. Generative Nation қозғалысының бастамалары біздің елімізді ғана емес, жаһандық салаларды да өзгертетін жобалармен жұмыс істейтін AI саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған", - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

“Өткен жылы біз қатысушыларымыздың керемет әлеуетін көрдік, биыл Қазақстанның барлық өңірлерінен келген таланттар бізді тағы да жобалармен таң қалдырады деп күтеміз. Біз сенеміз хакатондар елде керемет AI қауымдастығын құруға мүмкіндік береді," - деп қосты BAITC директоры Айдана Қасқырбек.

Хакатон туралы барлық ақпарат: decentrathon.ai/ru
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/wqeMWgS5j9DFUWZt7

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив