Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Азаматтарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлаудың нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі енгізіледі

2-10-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлаудың нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткішін есептеу әдістемесін бекіту туралы»Қорғаныс министрі бұйырғының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингілеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы бұйрығы негізінде әзірленді.

Әдістемені қолдану ҚР Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқыған, іріктелген және шығарылған әскери-техникалық және өзге де мамандардың санын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 9 қазанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15212607

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив