ІІМ-де қызметкерлерді зейнеткерлікке шығарып салу шарасы өтті
ІІМ-де ведомствоның бірқатар бөлініс басшыларын құрметті еңбек демалысына, яғни зейнеткерлікке шығарып салу іс-шарасы өтті.
Жиынға Ішкі істер министрі Ержан Саденов, оның орынбасарлары мен ведомствоның қызмет басшылары қатысты.
Полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, полиция полковниктері Серік Садықов пен Альбина Махамбетова қызметтегі белсенді кезеңдерін аяқтап, ІІМ зейнеткерлерінің қатарын толықтырды.
Полиция ведомствосының басшысы ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет етіп, үлкен еңбек сіңірген қызметкерлерге адалдығы мен кәсібилігі үшін ризашылығын білдірді.
– Сіздердің құқықтық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз зор. Сіздер – өскелең ұрпаққа үлгісіздер, – деп атап өтті министр.
Қайрат Дәлбеков соңғы жылдары Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарды. Сонымен қатар Маңғыстау және Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында полиция бастығы болды.
Серік Садықов ІІМ жедел-криминалистикалық департаментіне жетекшілік етті.
Альбина Махамбетова ІІМ ақпараттық саясат департаментінің бастығы қызметін атқарды.