Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының жаңа маусымы ашылды

2-10-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясында Б.Байқадамов атындағы  Мемлекеттік хор капелласының 89-шы маусымашар концерті өтті.

1935 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жанынан құрылған шағын хор ұжымына  1939 жылы Қазақ КСР үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік хор капелласы дәрежесі берілді. Биыл хор капелласының Мемлекеттік дәреже алғанына 85 жыл толып отыр.

Маусымның ашылу салтанатында ұжымның тарихына шолу жасалып, әр жылда қызмет еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Кеш барысында Қазақстанның халық әртістері – Роза Рымбаева, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Үлкенбаева өнер көрсетті. Бағдарламада хор капелласының репертуарындағы танымал шығармалар орындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив