Семейде әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерге улы газ датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда
Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлы Ұранхаевтың тапсырмасымен, 2023 жылдың желтоқсан айында Семей қаласының әкімі улы газдан уланудың алдын алу үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 4 355 газ датчигін сатып алуға қаражат бөлді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бұл газоанализаторларды тегін орнату жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері, МПС, Абай облысы ТЖД «СП және АСР» РММ, сондай-ақ «Азаматтық қорғау жоғарғы колледжі» және «Лидеры КZ» еріктілерімен бірлесіп, әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерге 965 датчик орнатты.
Датчиктерді орнатумен қатар, тұрғындарға жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылуда. Жұмыстар жалғасуда.