Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Еурооблигациялар шығару рәсімі басталды

3-10-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі халықаралық капитал нарықтарында еурооблигациялар шығару рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.

Бірінші кезең аясында жаһандық инвесторлармен роуд-шоу өткізіледі, оның мақсаты елдің экономикалық әлеуеті мен негізгі қаржылық көрсеткіштерін көрсету болады. Екінші кезеңде орналастырудың оңтайлы шарттарын айқындауға және Қаржы министрлігі үшін тартымды шығару параметрлерін белгілеуге мүмкіндік беретін қағаздарды прайсингтеу жоспарлануда.

Бұл шығарылым әлемдік қаржы нарықтарындағы Қазақстанның ұстанымын нығайту және тұрақты мемлекеттік даму бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив