Абай облысында жерді пайдалануға беруде заң бұзушылықтар анықталды
Еліміздің Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Ринат Имеровтің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша қайтарылатын жерлердің жоспары (110,0 мың га) мен әр аудан кескінінде айлық кесте бекітілген. Жоспармен аудандық әкімдіктер де хабардар.
Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 112,5 мың га мемлекет меншігіне қайтарылғаны мәлім болып отыр. Бұл осы мақсаттағы жылдық жоспардың 102 пайызға және мерзімінен бұрын орындалғанын көрсетеді.
2024 жылдың өткен кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен жалпы облыс бойынша 663,0 мың га пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін Департаментке тиісті материалдар жолданған. Оның 0,6 мың га жері иелері тарапынан өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылған.
Осы материалдар негізінде Департамент ауыл шаруашылығы мақсатындағы 347,6 мың га жерлердің жай күйін анықтаған. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұзақ уақыт пайдаланбау мәселесі бойынша 345,7 мың га жерге қатысты 48 тексеру департаментке түскен өтініштердің негізінде жүргізілді, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша 1,9 мың га алаңда 5 тексеру жүргізілген.
Тексеру нәтижелері бойынша 339,4 мың га алқаптағы 38 субъектіге 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді және ескерту түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 338-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұсқамалар мерзімі өткеннен кейін де тиісті талап орындалмаса, Департамент осы жерлерді мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап-арыз береді.
Берілген нұсқамалар бойынша 96 пайдаланылмайтын учаскелер (339,4 мың га) бойынша 38 жер пайдаланушы бойынша тиісті мәліметтер ҚР Салық Кодексінің талаптарына сәйкес қосымша салық салу үшін мемлекеттік кіріс органдарына жіберілді.
2024 жылдың өткен кезеңінде Департаментпен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша әкімдіктердің қызметіне жүргізілген тексерулер нәтижесінде жерлерді беру кезінде 193 заң бұзушылық анықталды
Атап айтар болсақ, Үржар ауданы бойынша профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ҚР Жер кодексінің 26-бабы 3-тармағының нормаларын бұза отырып, 11,4 мың га аумақта 104 заңсыз шешім қабылданғаны анықталды.
Ақсуат ауданы бойынша ҚР Жер Кодексінің 43-бабы, 37-бабы 2-тармағы нормаларын бұза отырып, 204 га аумақта 1 заңсыз шешім қабылданған.
Бұдан басқа, аудандық прокуратура талабы негізінде Үржар ауданы бойынша аумағы 18,8 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру кезінде заңсыз қабылданған 88 шешім анықталып отыр.
Тексеру нәтижелері бойынша жер заңнамасының талаптарын жою бойынша департамент тарапына нұсқамалар жолданып, мерзімінде орындалмаған жағдайда сотқа талап арыздар жолданатын болады.