Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Отырар ғасырлар тоғысында» көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтті

4-10-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-нің 45 жылдығына орай Қызылжар қаласында «Отырар ғасырлар тоғысында» тақырыбында көшпелі көрмесі ашылды.

«Отырар ғасырлар тоғысында» көрмесі көрермендерге ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолындағы маңызды сауда және мәдени орталық болған Отырар өлкесінің бай тарихы мен мәдениеті туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік береді. Көрмеде Отырар алқабындағы халықтың байырғы тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен наным-сенімімен сыр шертетін археологиялық жәдігерлер қойылған.

Келушілер тек экспонаттармен ғана емес, өңірдің тарихын және әлемдік мәдениетте алатын айрықша орнын, маңызын тереңірек түсінуге көмектесетін біршама құжаттармен, фотоматериалдармен және тарихи-мәдени мұралармен, сәулет, білім, өнер саласындағы жетістіктерімен, жалпы айтқанда ортағасырлық қаланың тарихымен танысты.

Көрме 4 қарашаға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив