Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.29 613.28 6.62

Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды

5-10-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесінің бірінші отырысы өтті, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды.

«Мемлекет басшысы Алатау қаласын құру қарқынын жеделдету міндетін қойды. Осы аптада Премьер-Министрдің өкімімен Жобалау кеңсесі құрылды. Ол жетекшілік ететін салалар бойынша дербес жауапкершілікті айқындай отырып, жобалық тәсіл негізінде негізгі шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Қаланы құрудың алғашқы нәтижелері дәл 6 айдан кейін ұсынылуы керек. Бастапқы мәре – бүгін», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

 Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады.

«Шетелдік инвесторлардың негізгі тілектерінің бірі – “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсету, инвестициялық цикл бойы қолдау және сервистік қызмет көрсету. Алматы облысының әкімдігі мен СІМ Инвестиция комитеті Алатауда осыған сай экожүйе құруы қажет», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімдігі резервтегі (өнеркәсіптік) «Арна» аймағында негізгі жобаларды анықтады. Қазірдің өзінде Алатауда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, Dolce-Group, Hyundai Green Food және TBEA сияқты компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. 

Жақын «Alatau» АЭА-ның алғашқы қатысушыларын тіркеу күтілуде. Алматы облысы делегациясының Қытайға, оның ішінде Шэньчжэньге әлеуетті инвесторлармен кездесу үшін сапары жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив