Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

5-10-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында мұғалімдер күніне орай аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, ұзақ жылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді. Саналы ғұмырларын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге арнаған қарияларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Арагер ұстаз Александра Волкова 1 ғасырдың куәсі. Қазақстанға Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін келіп, 1953 жылдан Семияр орта мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берді. 30 жылдық мұғалімдік жолында зейнетке шыққанға дейін бірнеше буын ұрпақты тәрбиеледі.

- Жасым жүзден асты. Осы күнге жетуімнің сыры балаларды, шәкірттерімді жақсы көруімнен деп ойлаймын. Еңбегімнің еш кетпегеніне қуанамын. Елеп-ескеріп келгендеріңізге аналық, ұстаздық алғысымды білдіремін, - деді Александра Волкова.

Марватжан Байқанов ақсақал өзінің еңбек жолын 1950 жылы Башкөл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Ұзақ жылдар білім бөлімін басқарып, 39 жылдық еңбек өтілімен құрметті демалысқа шыққан. Еңбек әрі тыл еңбеккері Марватжан Адхамұлы қазір Бесқарағай ауданындағы "Башкөл" татар мәдени орталығының ақсақалдар кеңесін басқарады.

Еліміздің білімді жастарын тәрбиелеп, еңбегінің зейнетін көріп отырған қариялар бүгінгі мерекеде лайықты құрметке ие болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив