Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Абай гарнизонының артиллеристері кәсіби мерекелерін атап өтті

Кеше, 18:19 018.kz

Жыл сайын 4 қазанда - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Зымыран әскерлері мен артиллерия күні атап өтіледі. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 28738 әскери бөліміде аталмыш мерекеге байланысты салтанатты шара ұйымдастырды. Нақты шараға әскерилер, ардагерлер, «Аналар жүрегі» ұйымының өкілі және сарбаздардың ата-аналары құттықтау үшін арнайы келді. 

Салтанатты шара 28738 әскери бөлімінің саптық алаңында сап түзеген әскери қызметшілердің мемлекеттік гимнді орындауынан басталып, шараға арнайы шақырылған қонақтардың жылы тілектерімен жалғасын тапты. Мерекелік шара барысында осы жылдың сәуір айында Батыс Қазастан облысына барып су тасқынан зардап шеккен аймақтарда белсенді көмек көрсеткен сарбаздар Қорғаныс министрінің атынан қол сағаттарымен марапатталды. Осындай ерекше марапат алғандардың бірі аға маман барлаушы ефрейтор Алдияр Жайлаубаев.

-  Бұндай көтермелеуге қол жеткізу мен үшін үлкен абырой. Қорғаныс министрінің атынан зымыран әскерлері және артиллерия кәсіби мерекеміз кезінде қол сағатпен марапатталғаныма әлі де сене алар емеспін, - деді ол.

Айта кетейік, Зымыран әскерлері және артиллерия 2000 жылдың 4 қазанында Қорғаныс министрінің директивасы негізінде құрылған.  Зымыран әскерлері және артиллерия Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив