Семейде қоғам қайраткері өз таңдауын жасады
Семейде ең алғашқылардың бірі болып 64 жастағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті Орал Шәріпбаев дауыс берді.
Семей қаласында барлық референдум учаскелері өз жұмысын бастады. Тұрғындардың дауыс беруге деген ынтасы зор. Қала бойынша алғашқылардың бірі болып Орал ақсақал дауыс берді.
«Республикалық референдумда өз таңдауымды жасау үшін таңғы бесте оянып, дауыс беруге келдім. Бұл менің жылдағы әдетім. Барлық семейліктерді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Дауыс беру халықтың отан алдындағы борышы деп білемін. Жер бетінде ешқандай соғыс болмасын, сайланған депутаттарымыздың аяғы құтты болып, біздің Елімізге - Қазақстан Республикасына бақыт әкелсін. Көңіл-күйім өте жақсы»,- дейді Орал Шәріпбаев.
Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында бейнебақылау жүргізіледі, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылайтын байқаушылар жұмыс істейді.Таңертеңгі сағат 7-де қалада 128 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Тағыда оқыңыз
Семейде ең алғашқылардың бірі болып Орал Шәріпбаев дауыс бердіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы