Семейде ең алғашқылардың бірі болып Орал Шәріпбаев дауыс берді
Семейде ең алғашқылардың бірі болып 63 жастағы Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Президенті Орал Шәріпбаев дауыс берді
Қалада барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Тұрғындардың дауыс беруге деген ынтасы зор. Қала бойынша алғашқылардың бірі болып Орал ақсақал дауыс берді.
«Сайлауға өз дауысымды беру үшін таңғы бесте оянып, дауыс беруге келдім. Бұл менің жылдағы әдетім. Барлық семейліктерді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Дауыс беру халықтың отан алдындағы борышы деп білемін. Жер бетінде ешқандай соғыс болмасын, сайланған депутаттарымыздың аяғы құтты болып, біздің Елімізге - Қазақстан Республикасына бақыт әкелсін. Көңіл-күйім өте жақсы»,- дейді Орал Шәріпбаев.
Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында бейнебақылау жүргізіледі, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылайтын байқаушылар жұмыс істейді.Таңертеңгі сағат 7-де қалада 149 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның 19–ы жабық, 22 - сі ауылдық округтерде орналасқан.
Тағыда оқыңыз
18 наурызда және дауыс беру күні кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады - Бас прокуратураСайлау 2023: Ақпараттық хабарламаШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Партиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды