Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Сенат Төрағасы референдумда дауыс берді

6-10-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысты. Палата Спикері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында орналасқан  дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.

Мәулен Әшімбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында республикалық референдумға шығарылған мәселе еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай жалпыұлттық дауыс беру үдерісі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуының жарқын көрінісі екені айтылды.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы қазақстандықтарды өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Мәулен Әшімбаев еліміздің және келер ұрпақтың болашағы жолында әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін де тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив