Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Мәжіліс спикері Қазақстанда АЭС салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

6-10-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

 Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.

Мәжіліс Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ғимаратында орналасқан №163 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Бүгін – біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылдануда. Ең бастысы, бұл шешімді халық қабылдап жатыр. Бұған дейін біз Конституциялық реформа қабылдадық. Оның басты мақсаты – әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуын қамтамасыз ету. Бүгін біз соның нақты іске асқанын көріп отырмыз. Барлық аймақтағы азаматтарымыз өз даусын беріп жатыр. Өңірлерден келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, белсенділік өте жоғары. Халық мемлекетіміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын, – деді журналистердің сұрағына жауап берген Ерлан Қошанов.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив