Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.29 613.28 6.62

ҚТЖ локомотивтерін қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда

7-10-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

ҚТЖ-ның барлық локомотив пайдалану деполарында локомотивтерді күзгі комиссиялық тексеру басталды. Оның мақсаты жылжымалы құрамды қыста пайдалануға дайындау.

Тексеру барысында жүк және жолаушылар қозғалысында қолданылатын локомотивтердің әртүрлі серияларының техникалық, өртке қарсы және сыртқы жағдайлары тексеріледі.

Доңғалақ жұптарының, тартқыш электр қозғалтқыштарының, сүйреу тораптарының, қауіпсіздік аспаптарының және байланыс жүйесінің жұмысын бағамдайды. Пойыз жүргізушілері мен олардың көмекшілері қиын климаттық жағдайларда жұмысқа дайындалу бойынша дайындықтан өтуде, осы қыста алғаш рет жұмысқа шығатындарға ерекше назар аударылады.

Пойыздардың төмен температурада, қалың қарда және боранда жүруінің қауіпсіздігі локомотив бригадаларының кәсіби әрекеттеріне байланысты.

Тартқыш-жылжымалы құрамды қысқа дайындау 2024 жылғы 31 қазанда  аяқталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив