Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы өзендерде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде

13-03-2023, 10:15 Думан Кенжеғазыұлы

Алтай ауданында Малеевск, Богатырево, Быково елді мекендерінде Бұқтырма өзеніндегі мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл мұз бетін бөлшектеуге мүмкіндік берді. Жұмыстың жалпы ауданы 49500 шаршы метрді құрады. Барлығы 2750 кг жарылғыш заттар пайдаланылды.

"Мұзды жару бойынша" операция су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені шеңберінде өтеді. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар мұз  кептелісі қауіпті учаскелерде су тасқынын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етеді. Жарылыс орындары кездейсоқ таңдалмаған. Ең проблемалы жерлер- көпірлер мен елді мекендердің жанында.

Алдымен мұзда тесіктер бұрғыланады. Жарылғыш заттарды төсеу-құпия процесс. Бұл қалай болып жатқанын мамандар ғана біледі, бөгде адамдар қауіпсіздік үшін жұмыс орнына жіберілмейді. Жару жұмыстарынан  кейін бірнеше сағат ішінде  мұз ағынмен таралады және "өріс" бос болады.

Жалпы, көктемгі су тасқынының өтуі бірнеше кезеңде, маусым айына дейін, қоса алғанда өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив