Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

10-10-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газ датчигін орнату мерзімінен бұрын аяқталды. 5075 құрылғыны кезең-кезеңімен орнату жоспарланған болатын.

Өткен жылмен салыстырғанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар саны 36 пайызға азайды. Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қосымша 3453 улы газ датчигі сатып алынып, орнатылды.

Түзетілген тізімдерге сәйкес биыл Бородулиха, Жарма, Ақсуат аудандарында қосымша 1061 датчик орнату қажет. Сондай-ақ, Семей қаласы мен Жаңасемей ауданында 1685 датчик орнату жұмыстары жалғасуда. Жалпы, 2022 жылдан бері облыста 8528 улы газ датчигі орнатылған.

Бұл ауқымды жұмыс әлеуметтік жағынан осал отбасылар тұратын 11 274 үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әсіресе, орнатылған датчиктердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында Бесқарағай, Көкпекті және Бородулиха аудандарында 14 адамды, оның ішінде 9 баланы аман алып қалу мүмкін болғанын ерекше атап өткен жөн.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив