Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәжіліске Корея Парламентінің төрағасы келді

10-10-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шик Астанаға ресми сапармен келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланысты нығайту мәселесін талқылады.

Мәжілісте Ұлттық Ассамблея делегациясын қарсы алған Ерлан Қошанов дипломатиялық қарым-қатынас орнаған жылдар ішінде елдеріміз көптеген бағытта стратегиялық әріптестікті нығайтуда мол табысқа жеткеніне назар аударып, бұл екі елдің көшбасшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Юн Сок Ёльдің күш-жігерінің нәтижесі екенін атап өтті.

– Біз өз тарапымыздан мемлекеттеріміздің басшылары қол жеткізген келісімдердің заңнамалық деңгейде бекітілуін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Елдерімізде болып жатқан маңызды трансформациялық процестерді ескеріп, заңнама саласында тәжірибе алмасу – біз үшін басым бағыттың бірі. Біз екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Сіздерде де дәл осындай ниет бар екенін көріп отырмыз, – деді Мәжіліс төрағасы.

Өз сөзінде У Вон Шик Қазақстанда болып жатқан барлық салалардағы ірі өзгерістерге мән берді. Ұлттық Ассамблея спикері екі ел депутаттары арасында қалыптасқан тікелей диалогты атап өтіп, бұл барлық деңгейдегі жан-жақты әріптестік қарым-қатынасты арттыруға жақсы негіз болатынын айтты.

Мәжіліс төрағасы корейлік әріптесін елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалардың барысы мен сегізінші шақырылымдағы Парламент жұмысы туралы мәлімет етті. Ерлан Қошанов бүгінде Мәжілістегі алты партиялық фракция мен бір мандатты округтерден сайланған депутаттар Қазақстан қоғамының барлық мүдде-пікірін қамтып отырғанын жеткізді. Ал билік тармақтары «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси моделі аясында халықтың сұранысын ескере отырып,  өзара тиімді іс-әрекет жасайды.

Тараптар Парламент Мәжілісі мен Ұлттық Ассамблея жанындағы достық топтары аясында да, Орталық Азия елдері және Корея Республикасы  парламенттері спикерлерінің  «бес плюс бір» форумы форматында да парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Парламент өкілдерінің диалогы Ашхабадта өтетін кезекті форумда жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив