Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті

11-10-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласының Достық үйінде этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин семинарда сөйлеген сөзінде этникалық топтар арасында бейбітшілік пен келісімді сақтау ел үшін басты басымдық және барлық мемлекеттік органдардың міндеті екенін атап өтті.

Ол Қазақстандағы этносаралық тұрақтылық барлық азаматтардың этникалық тегіне қарамастан, олардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты екеніне, мемлекеттік органдар бұған белсенді түрде ықпал етуге тиіс екеніне тоқталды.

Семинар қатысушыларға тәжірибе алмасуға және өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.

Тәжірибелік сабақтарда мемлекеттік қызметшілер этномедиация қағидаттарымен танысып, интерактивті және командалық ойындарға қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив