Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

«Астана-Зеленстрой» бас директоры пара бергені үшін кінәлі деп танылды

13-03-2023, 12:59 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

А.ж. 3 наурызындағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив