Абай облысында «Студенттік фестиваль - 2024» жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Бұл шара жастар арасында ерекше белсенділік пен шығармашылық серпілістің көрінісі болды. Фестивальге 2 жоғары оқу орны және 5 орта арнаулы оқу орнының студенттері қатысып, өздерінің білім ордаларының намысын қорғап, үлкен талпыныс пен белсенділіктерін көрсетті.
Фестиваль қорытындысында үздік білім беру мекемелері анықталып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттер марапатталды. М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж «Үздік колледж» номинациясын жеңіп алып, өз мекемесінің жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университет пен Alikhan Bokeikhan University «Үздік университет» атағына ие болды. Бұл екі оқу орнының студенттері барлық сайыстарда ерекше өнер көрсетіп, лайықты жеңімпаздар ретінде танылды.
Салтанатты шараға Абай облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов, Абай облысының ішкі саясат басқармасы жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлнұр Ыдырышева, «Абай Жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.
Ол фестивальдің биылғы форматында жастардың түрлі шығармашылық және спорттық бағыттарда өзін көрсету мүмкіндігі кеңейгенін атап өтті.
«Студенттік фестиваль - 2024» шарасы Абай облысы жастары үшін үлкен маңызға ие, жыл сайын асыға күтетін іс-шаралардың бірі болып табылады. Бұл фестиваль жастарға өз өнерлерін, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік беріп, олардың болашағына жол ашады.