Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.29 613.28 6.62

Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды

12-10-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.

- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

- 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;

- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;

- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;

- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив