Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Мемлекеттік кеңесші Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді

15-10-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ерлан Қариннің төрағалығымен 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Зиялы қауым өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 21 жұмысты қарады.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екінші кезеңге өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы туралы баяндама жасады.

Комиссия мүшелері жасырын дауыс беру арқылы 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады. Олар Мемлекет басшысының қарауына ұсынылады.

Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив