Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Ақпаратқа қолжетімділікті шектеу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады

16-10-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңда ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру көзделген.

Бұл ретте қолжетімділігі шектелмейтін ақпарат тізбесі мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының тармақтарын іске асыру және цифрлық активтер секторының жай-күйі туралы деректермен толықтырылды. Бұл қатарға республикалық және жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуына, мемлекеттік активтер мен электр желілері объектілерінің меншігіне бақылау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы мәліметтер де кіреді.

Ақпаратқа қол жеткізуді бақылау Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктеледі. Ұлттық Банкті, соттарды және сот әкімшілігін қоспағанда, ақпарат иелері бақылау субъектілері болады. Нысандарға ақпараттық стендтер мен басқа да техникалық құралдар, ресми интернет-ресурстар, «электронды үкімет» веб-порталының құрамдас бөліктері, сондай-ақ ашық отырыстардың онлайн-трансляциялары, жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған ашық отырыстардың жазбалары мен сілтемелері жатады.

Заңда сонымен қатар көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателердің алдын алу нормасы белгіленген. Мұндай қателер туралы хабарлау рәсiмiн жүзеге асыру құзыретi жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив