Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Өңірлерде отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерін оқыту басталды

16-10-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстанда отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлерін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар мүшелерін оқыту басталды. Алғашқы семинар-тренинг Алматы облысында ұйымдастырылды.

Тренингтердің мақсаты – қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестірудің сапасын арттыру.

Тренингтерде теориялық және практикалық сабақтар оқытылады.
Іс-шара отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерінің отбасылармен жеке жұмыс жоспарларын құру бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға, диагностика, жоспарлау және көмек көрсету мониторингін жақсартуға бағытталған.

Семинар-тренингтер барлық өңірлерде 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 43 отбасын қолдау орталығы бар. Олардың негізгі функциясы - мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив