Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің бұзылу фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

16-10-2024, 14:37 018.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 17 шілдедегі 2024 жылғы 602 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Концепцияда мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделіне көшу, бірінші кезекте, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының клиентке бағдарланған моделін бекітетін құқықтық нормаларды белгілеу қажеттілігі көрсетілген

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыру Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау арқылы жүзеге асырылды.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiштері бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы немесе қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — сапалы мемлекеттiк қызметке барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға   байланысты уақытша шығындарды қысқарту, үйден немесе басқа жерден мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі.

Департаментпен 2024 жылғы жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелерінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің бұзылуы бойынша 17 фактілер анықталған. Оның ішінде 2 жергілікті атқарушы органдармен, 15 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен жіберілген. 

Өз кезегінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы 1-бөлігіне сәйкес рұқсат беру мерзiмiн бұзу лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осыған байланысты Департаментпен рұқсат құжаттар беру мерзімін бұзған үшін 2024 жылы 2 лауазымды тұлғаға қатысты 6 хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 2023 жылғы 9 қарашада азамат Б.К Мынгатов «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттк қызметі бойынша өтінішпен Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгінген. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы  29 сәуірдегі №202 бұйрығына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды бұзу туралы рұқсат бес жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.

Алайда, Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысымен негізгі шешім 2023 жылдың 20 қарашасында қабылданып, яғни, мемлекеттік қызметті көрсетудің белгіленген мерзімі 3 жұмыс күніне бұзылған.

Осылайша, көрсетілетін қызметті алушының құқықтары бұзылып, лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолжетімділік пен сапалы қағидалар негізінде көрсетілуі тиіс екендігін атап өту қажет («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 3-бабы).

Құрметті қызмет алушылар! 

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Сіздердің заңды құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Сіздер Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментіне келесі нөмірлер арқылы жүгіне аласыздар:

8 777 749 09 08 WhatsApp

8 (7222) 35-41-68

Telegram Bot EgovKzBot2.0

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив