Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Астанада волонтерлік бойынша тренерлерге арналған үш күндік семинар-тренинг өтіп жатыр

17-10-2024, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жобасы аясында волонтерлік бойынша тренерлерге арналған «Базалық оқыту курсы» атты үш күндік семинар-тренинг өтіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – волонтерлерге арналған тиімді оқу бағдарламаларын әзірлейтін және өткізе алатын білікті тренерлерді даярлау.

Тренинг барысында тренерліктің негіздері, тренердің негізгі дағдыларын дамыту, тиімділігін арттыру және сабақ сценарийлерін әзірлеу, құзыреттілікті пысықтау, супервизия және жеке кеңес беру тақырыптары қамтылады.

Айта кетейік, іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 40-тан астам белсенді волонтер қатысуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив