Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
487.24 529.34 5.02

Қазақстанда 25,8 млн тонна астық бастырылды

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 16,4  млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар, немесе 98,6% алаңдар жиналды. Орташа өнімділігі 15,7 ц/га түсімділігімен 25,8 млн тоннадан астам астық бастырылды.

Осылайша, бидай 13 млн. гектар алқапта жиналды, өнімділігі 14,9 ц/га түсімділігімен, 19,4 млн тонна бастырылды, арпа – 2,2 млн. гектар, өнімділігі 17,6 ц/га кезінде 3,9 млн тонна бастырылды, сұлы – 190 мың гектар, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 325,6 мың тонна бастырылды.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар 1,5 млн. гектар алқаптан жиналды, орташа өнімділігі 10,7  ц/га кезінде, 1,6 млн. тонна бастырылды.

113,9 мың гектар алқаптан өнімділігі 234,1 ц/га түсімділігімен,  2,6 млн тоннадан астам картоп жиналды, көкөніс дақылдары 113,5 мың гектардан өнімділігі 282,8 ц/га түсімділігімен, 3,2 млн. тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 98,7 мың гектар алқаптан жиналып, өнімділігі 264,0 ц/га, жалпы түсімі 2,6 млн. тоннаны құрады.

Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 38,7  мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың басқа да техника тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив