Спортта және орман қорғауда бірге: Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған спартакиада
«Семей орманы» МОТР қызметкерлері арасында Орман шаруашылығы күніне орай спартакиада өткізілді.
Биыл Бесқарағай ауданына қарасты Мостик ауылында өткен спорттық жарыстарға резерватының шамамен екі жүз қызметкері қатысты: филиал директорлары, орынбасарлао, орманшылар, орманшылардың көмекшілері, шеберлер, мемлекеттік инспекторлар, өрт-химиялық станциялардың қызметкерлері, орман қорғау және қорғау инженерлері, орманды қалпына келтіру инженерлері, өрт және патрульдік көліктердің жүргізушілері, трактористер, операторлар, өрт мұнараларының бақылаушылары және т.б.
Жанкүйерлер мен қатысушылардың пікірлеріне сәйкес, жарыстар жоғары деңгейде өткен. Қатысушылар түрлі спорттық сайыстарда таланттарын, күштері мен төзімділіктерін көрсете білді. Спартакиада Қазақстан туын көтеру, елдің әнұранын орындау және құттықтау сөздермен басталды.
Туризм және рекреация бөлімінің басшысы, жарыстың бас төрешісі Каусар Рамазанов пен командалардың капитандары жарысқа дайындықтарын растағаннан кейін жарыс ресми түрде басталды. Он филиалдан құралған он футбол командасы, арқан тарту, бөрене кесу және бұтау, өрт сөндірушінің арнайы киімін кию және жауынгерлік дайындық бойынша жарыстарға өз қатысушыларын шығарды. Негізгі жарыстардан бөлек, гір тасын көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ және қол күресі сайыстары өтті.
Көпшіліктің қызығушылығын тудырған ерекше тапсырма – қалың бөренелерді кесу. Оқырман қауым орманшыларға ағаштарды кесу не үшін қажет деп ойлауы мүмкін, өйткені олардың мақсаты – ағаштарды қорғау және отырғызу ғой? Алайда, орман тірі организм сияқты күтімді қажет етеді. Арасында құрғаған немесе найзағайдан құлаған ағаштар, өртенген ағаштар болады.
Жарыс нәтижесінде 3 орынды — «Жаңашүлбі», 2 орынды — «Беген», 1 орынды – «Семей» командалары иеленді. Жарыста бірінші орын алған жеңімпаздарға Halyk Bank демеушілігімен құнды сыйлықтар табысталды.