Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Кинотеатрларда «Qajymuqan» фильмінің көрсетілімі жалғасып жатыр

19-10-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан кинотеатрларында «Qajymuqan» фильмінің көрсетілімі жалғасып жатыр. Қанағат Мұстафиннің режиссерлігімен түсірілген фильмге әйгілі қазақ палуанының өмірі мен жеңісті жолы арқау болған.

Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Фильм халқымыздың бай тарихы мен мол мәдени мұрасына көрермен назарын аударуды көздейді.

Қазақ елінің мақтанышы, теңдесі жоқ кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы – күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, француз күресінен әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ. Дүниежүзінің 30-ға жуық мемлекетін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив