Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар балаларды қолдау шараларын күшейтуде

21-10-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың тоғыз айында 30 мыңнан астам балаға комиссия жұмысы аясында қажетті көмек көрсетілді. Қолдау білім алуға қолжетімділікті, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмекті, сондай-ақ оңалту іс-шараларын қамтыды.

Бүгінгі таңда елімізде балалар құқықтарының бұзылуының алдын алу және оларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үйлестіруде негізгі рөл атқаратын 235 комиссия қызмет етеді.

Олардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін 2024 жылы нормативтік-құқықтық базаға елеулі өзгерістер енгізу жоспарлануда. Оның ішінде жағдайды басқару (кейс-менеджмент) және медициналық-әлеуметтік есепке алу моделін енгізу бар.

«Отбасын қолдау орталықтарымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылатын болады. Бұл қиын өмірлік жағдайлардағы балаларды және олардың отбасыларын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар арасындағы өзара әрекеттесуі нақты ажыратылатын болады. Бұл балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің жалпы тиімділігін арттырады және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруді жақсартып, мұқтаж балаларға көмек көрсетуді айтарлықтай жылдамдатады», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Аталған шаралар балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір балаға уақтылы, сапалы көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив