Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Аягөзде дәстүрлі садақ ату жарысы өтті

21-10-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

18-20 қазан күндері Аягөз ауданында ұлттық спорттың бірі – садақ ату өнерін дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ер - Еспенбет» Адақ батыр атындағы облысаралық турнир өткізілді. Бұл турнир Аягөз ауданы әкімінің жүлдесіне арналып, Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген садақшылардың басын қосты.

Іс-шараны ұйымдастыруға «Алаш» дәстүрлі садақ ату федерациясы мен «Мерген» дәстүрлі садақ ату клубы, Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, сонымен қатар жастар ресурстық орталығы атсалысты. Турнирдің басты мақсаты – садақ ату өнерін дамыту арқылы жастардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын қолдау болды.

Сайыс барысында қатысушылар үш түрлі нысана бойынша сынға түсті: Пута, Қалқан және Жамбы. Әр нысана мергендердің шеберлігін сынға алатын өзіндік ерекшеліктерімен таңдалды. Турнирге 70-тен астам мерген қатысып, өзара мықтылықтарын дәлелдеді.

Жарыстың соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир қатысушылары мен көрермендер қазақ халқының байырғы спорттық мұрасын сезіне отырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға өз үлестерін қосты. Аягөз ауданында өткізілген бұл іс-шара – ұлттық спортты дамыту жолындағы тағы бір қадам және болашақта садақ ату өнерінің кеңінен танылуына серпін береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив