Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы шараларға қатысуда

14-03-2023, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің өтініші бойынша ҚР Қарулы күштері аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынына қарсы іс-қимылға қосылды.

Күн жылып, қардың қарқынды еруі Орал – Самара жолын және облыс орталығының «Зашаған» шағын ауданындағы бірнеше үйдің су басуына әкеп соқты.

– Біздің бөлімше суға тосқауыл қою үшін қалаға көмек көрсету қажет екені туралы хабарламаға шұғыл шешім қабылдады. Кеше жұмысқа 35 әскери қызметші жұмылса, бүгін тағы да 18 адам қатарға қосылды, – деді 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Закиров.

Әскери бөлімнің жеке құрамы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Жайық таза қала» ЖШС бөлімшелерінің мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер бөгеттер жасау үшін 2,5 мыңнан аса қап құм дайындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив