Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Сенатта Қазақстан мен Вьетнам арасындағы құқықтық ынтымақтастық туралы заң талқыланды

22-10-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары отырыс өткізді. Онда Қазақстан мен Вьетнамның ынтымақтастығы туралы заң талқыланды.

Құжаттың мақсаты – екі мемлекет арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайту және сотталған адамдарды қоғамға қайта кіруі үшін азаматы болып табылатын елде жазасын өтеуге жәрдемдесу болып табылады.

«Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң сотталғандарды беру шарттары мен тәртібін регламенттейді, онда сотталғандардан немесе оның заңды өкілінен жазбаша келісім алу талабы маңызды мәселе болып табылады.

Сенаторлардың айтуынша, шарт ратификацияланғанда екі елдің сотталған адамдарды беру мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастығының тиімділігі арта түседі және екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив