Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Астанада азаматтық қоғамды дамытуға арналған конференция өтті

22-10-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астанада азаматтық қоғамды дамытуға арналған онлайн-конференция өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстанның 20 өңірінен белсенді азаматтар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияда азаматтық қоғам мен мемлекеттің бірігіп жұмыс істеуі, өзара байланыстың нәтижесінде мысалдар талқыланды. Сонымен қатар азаматтық белсенділік пен әлеуметтік бастамаларды іске асыру мәселелері де сөз етілді.

Іс-шара аясында ҮЕҰ қызметінің 7 бағыты бойынша 30-дан астам үздік кейс ұсынылды.

Қатысушылар елдің тұрақты дамуы үшін мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін құрудың маңызын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив