Абай облысында «Жас сарбаз барысы» II республикалық турнирі өтті
Республиканың әр облысынан келген қатысушылар үздік атаққа қол жеткізу үшін бақ сынасты.
Абай облысында Республика күні қарсаңында «Жас сарбаз барысы» турнирі ұйымдастырылды. Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өзінің құттықтау сөзінде, біріншілікті өткізу орны кездейсоқ таңдалмағанын жеткізді.
Сонымен қатар, шара барысында «Шығыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы Жеңіс Маралов сөз сөйлеп, өңірлік біріншіліктерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев бүгінгі жарыс тек спорттық шараның ауқымы кең екендігіне тоқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жас сарбаз барысы» атағын Абай облысынан Ерасыл Нұрахметов иеленсе, екінші орынға Павладор облысынан келген Алмас Рысбеков қол жеткізді. Ал, үздік үштіктің жүлдесі Павлодардан келген Теміртас Файзоллаға бұйырды.
Сонымен қатар, «Үздік техника» номинациясын Астана қаласының спортшысы Ержан Нұрмұхаммадин алса, «Жеңіске ұмтылыс» номинациясына Жетісу облысынан Қайсар Бекмұханбетұлы лайық деп танылды.