Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Кітапханашыларға құрмет көрсетілді

23-10-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл елімізде кітапханашылар күні үшінші жыл аталып өтілуде. Жарма ауданында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауы, Абай атындағы әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен өңірлік кітапханашыларға арналған «Кітапханалық шаралар бренд ретінде» әдістемелік практикумы өткізілді.

Практикумда әр ауданнан жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, балаға кітап оқыту мақсатында интернетті қалай тиімді пайдалануға болады деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, насихаттайтын жобалар туралы айтылды. Аталған шара дәстүрлі түрде облысымыздың әр ауданында өткізіліп отыратын болады.

Сондай-ақ, кітапханашылар күні қарсаңында бірнеше жерлесіміз лайықты марапатқа ие болды. Солардың арасында Айгүл Жүнісова мен Ольга Мальцева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Айгүл Жұмабекова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив