Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
452.92 484.99 5.12

Кітапхана қызметі: секция жұмысы

19-02-2023, 17:17 018.kz

Абай атындағы облыстық кітапханада Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және  архив ісі басқармасы алқа мәжілісінің «Кітапхана қызметі» секциясының жұмысы ұйымдастырылды. Шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және  архив ісі басқармасының мамандары,  Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ-нің мамандары және облысқа қарасты кітапханалардың орталықтандырылған жүйелерінің директорлары қатысты.

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы А. Ибраев құттықтау сөз сөйлеп, секция жұмысына сәттілік тіледі.

Секция жұмысының бірінші жартысында Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ басшысы Х.Ақжігітова мен кітапхананың Жарнама бөлімінің басшысы Ә.Омарова кітапханада жүзеге асырылып жатқан «Робототехника», «VR-киіз үй: виртуалды шындық студиясы», «Мультистудия», «Taxilibrary» «Аялдама» және т.б.  жобаларымен таныстырды. Кітапхананың бас маманы, «Ататек» жобасының жетекшісі Б.Торғаев аталған жобаның маңыздылығы мен жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берді. Кітапхана басшысы Х.Ақжігітова әріптестерін жобалар құрып, жүзеге асырудың жолдарына бағыттап, кітапхана қызметтерін дамыту жөнінде  кеңестерін ұсынды. Әріптестері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының маманы А.Кикбаев ағымдағы жылы атқарылатын кітапханалық іс-шаралар жөнінде әріптестерімен кеңесті.

Секция жұмысының екінші жартысында Абай атындағы облыстық кітапхана директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Г.Аязбаева облыс кітапханаларының 2022 жылғы есептерінің қорытындысын шығарып, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.

Кітапханадағы қорды тексеру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, облыс кітапханаларының өлкетануға байланысты басылымдарын зерделеп,  Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының қорын толықтыруды қолдауға шақырды.

Кітапханалық іс-шаралар өткізуде жұмыстың жаңа түрлерін қолдану, бойынша кеңестер беріп, әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.

Секция жұмысы кітапхана мамандарының Абай атындағы кітапханадағы Абайдың рухани орталығындағы сирек басылымдар қорын танысуымен аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив