Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Абай облысында Мәдениет басқармасының бірінші кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

17-02-2023, 08:41 Думан Кенжеғазыұлы

️Кеңейтілген отырысқа Семей қаласының және облыс аудандарының мәдениет мекемелерінің, мұрағаттарының, мұражайларының басшылары мен мамандары қатысты.

️Алқа отырысында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айдар Ибраев атап өткендей, мұндай кездесулер атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін қажет.

️Абай облысы құрылғаннан бері жарты жыл ішінде біршама істің басы қайырылды. Бірыңғай даму стратегиясы әзірленіп, аудандық мәдениет мекемелерінің облыс орталығымен байланысы жолға қойылды.

️Облыс аумағында 3 труппасы бар 1 облыстық театр, 1 мемлекеттік филармония, 4 облыстық мұражай, 1 лингвистикалық орталық, 124 Мәдениет үйі мен ауылдық клуб, 137 кітапхана, 4 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.

️Алқа отырысын ашқан Айдар Ибраев 2022 жылдың қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді.

- Облыстық басқарма құрылған сәттен бастап әзірленген іс-шаралар жоспары аясында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай облыс орталығында, Абай ауданында, қалалар мен аудандарда 90-нан астам іс-шара өткізілді. Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен оның шәкірті Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткіші орнатылды. Ермеғали Рахмадиевтің 90 жылдығын мерекелеу аясында композиторлар арасында республикалық байқау, сондай-ақ тұңғыш қазақ скрипкашысы Айткеш Толғанбаев атындағы жас скрипкашылар арасында алғашқы облыстық байқау ұйымдастырылды,- деді Айдар Ибраев.

Басқарма басшысы атап өткендей, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония жанынан эстрадалық-симфониялық оркестр құрылады. Бүгінгі таңда оркестр құрамына музыканттарды қабылдау жүргізілуде. Ол үшін субвенциялар есебінен республикалық бюджеттен музыкалық аспаптарды ұстауға, сондай-ақ сахналық костюмдерді тігуге қосымша қаражат бөлінді.

Музей ісінің негізгі даму бағыттары туралы Семей облыстық тарихи - өлкетану мұражайының директоры Қайрат Сабырбай, мұрағат саласындағы қызмет туралы "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ директоры Болат Мусин, облыс кітапханаларының жұмысы туралы "Абай облыстық әмбебап кітапхана" КММ директоры Гүлнар Жигитбаева баяндады. Үржар және Жарма аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары да сөз сөйлеп, аудандардағы мәдениет саласындағы ахуалдан хабар берді.

Кеңейтілген отырысты Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қорытындылады.

- Мәдениет саласы бойынша 2023 жылға арналған көптеген жоспарларымыз бар. Олардың қатарында белгілі диктор Әнуар Байжанбаевтың 100 жылдық, Шәкәрімнің 165 жылдық және Әміре Қашаубаевтың 135 жылдық мерейтойларын атап өтуге болады. Сондай-ақ басқа да танымал мәдениет қайраткерлеріне арналған іс-шаралар ұйымдастыру көзделуде. Сонымен қатар семейліктерді қаладағы тарихи ғимараттардың тағдыры алаңдатады. Мәдениет басқармасы барлық заңнамалық актілерді сақтай отырып, оларды сақтап қалу бағытында жұмыстарды жалғастыруда, - деді Шалқар Байбеков.

Алқа жұмысы күннің екінші жартысында Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде және Абай атындағы кітапханада өткен секциялық тақырыптық отырыстармен және семинарлармен жалғасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив