Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Астық тасымалдау қарқыны ай сайынғы 1,2-1,3 млн тонна деңгейінде жыл соңына дейін сақталады — Көлік министрлігі

23-10-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев биылғы егін астығын тасымалдауға дайындық барысы туралы баяндады.

Министрдің мәліметінше, күз басынан бері теміржол көлігі арқылы астық тасымалының деңгейі артып келеді. Өткен айда 1,05 млн тонна астық тасымалданды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Оның ішінде экспортқа 867 мың тонна жеткізілсе, республика ішінде 186 мың тонна тасымалданды.

Орталық Азия мемлекеттері секілді дәстүрлі нарықтарға экспорттау көлемі 28%-ға артты. Иран бағыты бойынша тасымалдар қайта жанданып, қыркүйекте 140 мың тонна астық экспортталды. Бұл ретте, Ақтау портының инфрақұрылымы қолданылып келеді.

«Қазан айында жоспарлы тасымалдау көлемі 1,25 млн тонна астықты құрайды. Бұл, алдыңғы жылдың сәйкес уақыты көрсеткішімен салыстарғанда 26%-ға көп. Жыл соңына дейін астық тасымалдау көлемі жоғары қарқында болады деп күтілуде, ай сайынғы көлем 1,2 млн және 1,3 млн тонна аралығында сақталады. Орталық Азия елдеріне, Қытай және тағы да басқа нарықтарға қажетті экспорттық тасымалдарды толық қамтамасыз ету үшін шекаралық өткізу бекеттерінің қуаттылығы жеткілікті», — деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда, астық тасымалына астық тасуға арналған 11,8 мың арнайы вагон жұмылдырылған, оның 6 мыңы экспорттық қатынаста жұмыс істейді. Осыған қоса, 16 мың бірлік жабық вагон қолданылып отыр.

Бұл вагондар ұнтақталған өнімдер тасымалын қамтамасыз етуге және Қытай Халық Республикасына астық тиеуге, оның ішінде Азық-түлік корпорациясының экспорттық келісім-шарттарын орындауға пайдаланылады.

«Локомотив паркіне тоқталатын болсақ, бүгінде Ұлттық оператор локомотивтерінің жалпы саны 1 621 бірлікті құрайды. Парктің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жаңарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл 185 локомотив сатып алынды, оның 20 бірлігі – маневрлік», — деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар жедел шаралар мәселесін шешу мақсатында Министрлік алаңында уәкілетті органдар мен ұйымдар өкілдерінен құралған тұрақты штаб жұмыс істеуде. 

Баяндама соңында Марат Қарабаев көлік саласы биылғы егін астығын толық көлемде тасымалдауға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив