Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

АӨК-ті қаржыландырудың жаңа тәсілдері, тұрғын үй құрылысын субсидиялау және экология мәселелері: Үкімет Президент Жолдауын қалай жүзеге асыруда

24-10-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрбол Айдапкелов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясына қатысты. 

Спикерлер Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысы және АӨК-ті дамытудағы жаңа тәсілдер мен диқандарды қаржыландыру тетігіндегі алдағы өзгерістер туралы баяндады.

Атап айтқанда, Серік Жұманғарин көктемгі биыл дала жұмыстарын жүргізуге берілген жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 3 еседен астам өсіп, 580 млрд теңгеге жеткенін айтты. Осылайша, шаруаларға 5%-бен несие алу мүмкіндігі беріліп отыр. Сонымен қатар қайта өңдеу кәсіпорындарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Қаржыландырудың жаңа тәсілдері келесі жылы да жалғасын таппақ. Екінші деңгейлі банктер арқылы арзан несие алудың жаңа тетігі енгізіледі. Тауарлық субсидиялардан жеңілдетілген несиелендіруге кезең-кезеңімен көшу жоспарланып отыр, оған толық көшу жұмыстары 2028 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Өз кезегінде Ерлан Нысанбаев елорда экологиясына қатысты сұрақтарға жауап беріп, бүгінде оны жақсарту шаралары қолға алынып жатқанын атап өтті. Жеке секторды және Астанаға іргелес елді мекендерді газбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауылдарда жеңілдікті ипотека беру туралы шаруалар өтініштеріне қатысты пікір білдірді.

Министр елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үй құрылысының 50%-ын субсидиялайтын бағдарлама бар екенін хабарлады.

Нұрбол Айдапкелов «Бәйтерек» холдингінің қаржы институттары арқылы АӨК саласын жеңілдікпен қаржыландыру туралы айтты. Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, бүгінде жеңілдікті қаржыны негізінен шағын және орта бизнес өкілдері алады. Қаржыландырудың шамамен 11%-ы ірі бизнес, 70%-дан астамы шағын бизнес өкілдері алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив