Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Қала басшысы кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс басшысы Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес қала әкімі Әділет Қожанбаев жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық мөлшерлемесін төмендету мәселесін талқылау үшін кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиынға тиісті бөлім басшылары, қала кәсіпкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жеңілдетілген декларация – шағын бизнеске ыңғайлы, рәсімі қарапайым, салықтық жүктемесі төмен тиімді режим.

«Жаңа Салық кодексіндегі мөлшерлемені азайту – кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды қадамы. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, әрі инвестиция тарту жолдарын қарастыруға ыңғайлы», - деді Әділет Қожанбаев.

Сонымен қатар, қала басшысы кәсіпкерлерді өз нысандарының айналасында тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді атсалысуға шақырды. Атап айтқанда, ғимарат қасбетін ретке келтіру, кіреберіс аумақты жөндеу, сәндік жарықтандыру орнату, баннерлер мен жарнамалық құрылымдарды жаңарту.

Кездесу соңында Әділет Қожанбаев қала әкімдігі әрқашан кәсіпкерлерді қолдауға дайын екенін жеткізіп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, салық мөлшерлемесін азайту жөнінде қалалық мәслихатқа қаралуға жіберілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив