Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Аягөздік аналар республикалық байқауда жүлделі ІІІ орын иеленді

Бүгін, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қызылорда облысында өткен IV «Абысын-Ажын» республикалық байқауында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Аягөз аудандық филиалы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, аналар арасындағы бірлікті нығайту және қазақтың дәстүрлі тәрбиесін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар өз өнерін, даналығын және бірлік пен ізгілікке негізделген ұстанымдарын көрсетті.

Аягөз аудандық филиалының мүшелері байқауда жоғары ұйымшылдық пен шығармашылық шеберліктің үлгісін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтардың маңызын терең насихаттады. Қатысушылардың сахналық көріністері мен ұлттық киім үлгілері, тәрбиелік мазмұндағы қойылымдары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив