Нормашығарамашылық қызметтегі жаңалықтар жөніндегі жалпыға бірдей оқыту өтті
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әділет министрлігімен бірлесіп Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу департаментi Бақылау және әкімшілік практика басқармасының басшысы Азамат Ботанның, ҚР ӨҚМ Заң департаментінің директоры Данира Сураужанованың және Министрліктің құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық жалпыға бірдей оқытуда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және заңнамалық актілерді әзірлеу кезінде бизнес-процесті енгізу мәселелері талқыланды.
Министрліктің Заң департаментінің директоры Д.Сураужанова қолданыстағы заңнамаға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша оң динамика туралы айтып, Үкіметтің Заң шығару жұмысының ережелеріне және ҚР Үкіметінің Регламентіне енгізілген өзгерістерге қатысты түсіндірді.
Жалпыға бірдей құқықтық оқыту қорытындысы бойынша геология және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізілді.